"Қайрат" академиясының түлегі ҚПЛ клубына ауысты

"Атырау" футбол клубы қорғаушы Данир Орданы қатарға қосты, деп жазады Meta-ratings.kz.
"Атырау" футбол клубы қорғаушы Данир Орданы қатарға қосты, деп жазады Meta-ratings.kz.
18 жастағы ойыншы "Қайрат" академиясының түлегі болып табылады. Футболдағы алғашқы қадамын Ақтөбе клубының орталығында бастап, кейін оңтүстік астананың басты командасына шақырту алған.
Орда 2021 жылы "Қайрат-Жастар" сапында өнер көрсетті. Биылғы жылдың ақпанында "Ақтөбе" командасында қаралымда болды. Алайда батысқазақстандықтармен келісімге келе алмады.
Енді ол Атырау сапында 27-ші нөмірмен ойнайды.
Еске салайық, Данияр Орда 19 жасқа дейінгілер арасында Қазақстан жасөпірімдер құрамасында ойнайды.
Жарнама