Футбол
8 желтоқсан 2022 11:35

Катардағы әлем чепионатында жеңіске жететін команда аталды

©twitter.com/sciam

Катарда өтіп жатқан футбол чемпионатының фавориті Бразилия құрамасы болып тұр. The Guardian басылымының сарапшылары осындай пайымға келді. Команданың мүмкіндігі ең жоғары деп бағалануда. 

Басылым мәліметінше, екінші орында Франция, ал Португалия үшінші. Егер Криштиану Роналду қосалқы ойыншылар қатарына ауыстырылмағанда португалиялықтар бір саты жоғары тұрар еді. 

Одан кейін тізімде Англия, Аргентина, Нидерланды және Марокко. Ал мүмкіндігі ең төмен Хорватия болып тұр. 

Еске салайық, ширек финалға дейін фавориттер қатарында болған Бельгия, Германия мен Испания сияқты құрамалар жарыстан шығып қалды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport