Қатардағы әлем чемпионатында алғашқы гол соғылды

Футболдан Эквадор құрамасының капитаны Эннер Валенсия 2022 жылғы әлем чемпионатының бірінші голын соқты. 33 жастағы шабуылшы Қатарға қарсы кездесудің 16-минутында пенальтиді сәтті орындады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Фенербахче" командасының шабуылшы негізі оған дейін де гол соққан. Бірақ, Эннердің 3-минутта соққан добы оффсайдтың тіркелуіне байланысты есепке алынбады.
Ал 13-минутта капитанның өзі пенальтиді сәтті орындап, командасын алға шығарды.
Айта кетейік, бұл Валенсия үшін төртінші гол. 2014 жылы ол Бразилиядағы әлем чемпионатында үш мәрте көзге түскен болатын.
Жарнама