Камерун мен Сербия арасындағы әлем чемпионатының кездесуінде жеңімпаз анықталмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әл-Вакрдегі ойын 3:3 есебімен аяқталды. Матчта бірінші болып есепті африкалықтар ашты. Камерун сапында 29 минутта Жан-Шарль Кастеллетто көзге түсті. Бірінші таймның соңғы минуттарында сербиялықтар сапында Страхинья Павлович (45+1) және Сергей Милинкович-Савич (45+3) бір-бірден ерекшеленді.
Үзілістен кейін 53 минутта Александр Митрович командасының үшінші голын салды. Алайда камерундықтар 3 минут ішінде таразы басын теңестіре алды. Алдымен 63 минутта Венсан Абубакар, артынша 66 минутта Эрик Шупо-Мотинг гол соқты.
Осылайша G тобындағы матчта жеңімпаз анықталмады. Бұл топта аталған екі командадан бөлек Бразилия мен Швейцария құрамалары бар.