Футбол
28 қараша 2022 09:09
 

Катар-2022: Испания мен Германия тең түсті

  Пікірлер

blog.share

Катар-2022: Испания мен Германия тең түсті ©AS USA

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының екінші тур матчтінде Испания мен Германия кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан Катардағы әлем чемпионатының екінші тур матчтінде Испания мен Германия кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Испаниялықтар 2010 жылы, немістер 2014 жылы әлем чемпионы атанған.

Е тобындағы ойынның бірінші таймында есеп ашылмады. 40-минутта Антонио Рюдигердің голы есепке алынбады - неміс қорғаушысы офсайдқа шығып кеткен екен.

Ал 62-минутта испаниялықтар алға шықты - сол жақ қанаттан Жорди Альба асырған допты Альваро Мората қақпада тулатты.

Кездесудің 83-минутында Никлас Фуллкруг таразы басын теңестіре алды. Осылайша, матч 1:1 есебімен аяқталды.

Екі турдан соң Испания құрамасы Е тобында төрт ұпаймен көш бастап тұр. Жапония мен Коста-Риканың еншісінде үш ұпайдан бар. Ал Германия бір ұпаймен соңғы орында тұр.

Бұл топтың келесі матчтары 1 желтоқсанда өтеді. Испания Жапониямен, ал Германия Коста-Рикамен кездеседі.

Германия топтан шығуы үшін Коста-Риканы ұтуы қажет. Ал Испания жапон футболшыларынан басым түсуі керек.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!