Футболдан Қазақстан чемпионатының екінші турында "Каспий" мен "Тобыл" арасындағы ойында есеп ашылмады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ақтаудағы матчтың есебі 0:0.
Бірінші турда қостанайлық ұжым өз алаңында "Ақжайықты" 1:0 есебімен ұтса, "Каспий" Петропавлдың "Қызыл-Жарын" 1:0 есебімен ұтқан еді.
Енді "Тобыл" ішкі біріншіліктегі келесі кездесуін "Қызыл-Жар" клубына қарсы өткізеді. Ал батысқазақстандық ұжым болса "Тұранға" қонаққа барады.
Еске салайық, Қостанай облысының басты командасы маусым басында Қазақстан Суперкубогінің финалында "Қайратты" ұтқан болатын.