Футболдан қазақастан чепионатының төртінші турында ақтаулық "Каспий" шымкенттік "Ордабасыны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Ақтауда өткен ойын 2:1 есебімен аяқталды. Есепті "Ордабасы" қорғаушысы Карам Султанов ашты - автогол. Алайда екі минуттан кейін-ақ шымкентіктердің шабуылшысы Всеволод Садовский есепті теңеді. Ал шешуші голды "Каспийдің" бразилиялық ойыншысы Руан Телеш салды. Голдардың бәрі бірінші таймда салынды.
61-минутта "Орадабасының" украиналық қорғаушысы Евгений Чаговец алаңнан қуылды.
Осы жеңістен кейін "Каспий" төрт матчта он ұпай жинап, Қазақстан чемпионатының көшбасына шықты. "Ордабасы" төрт баллмен жетінші келеді.