Қарсыласын ойсырата ұтқан "Арсенал" бірінші орыннан "МанСитиді" ығыстырды

"Арсенал" өз алаңында "Ноттингем Форест" командасын ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Арсенал" өз алаңында "Ноттингем Форест" командасын ойсырата ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
АПЛ 14-турының матчі 5:0 есебімен аяқталды.
Ойынның бесінші минутында-ақ Габриэль Мартинелли алаң иелерін есепте алға шығарды. Ары қарай 49 және 52-минутта Райсс Нельсон дубль жасады. 57-минутта Томас Парти мен 78-минутта Мартин Эдегор бір голдан салды.
Енді 12 матчта 31 ұпай жинаған "Арсенала" бірінші орыннан "Манчестер Ситиді" (2 балл кем) ығыстырып тастады.
Жарнама