Футбол
14 сәуір 2020 14:05

Карьерасының соңына дейін бір командада ойнағысы келетін футболшы атақты агенттің қызметінен бас тартты

Сурет: Eurosport
"Наполи" шабуылшысы Лоренцо Инсинье агент Мино Райола қызметінен бас тартты, - деп хабарлайды Football Italia порталы Sky Sport Italia сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, футболшы неапольдік клубта карьерасының соңына дейін ойнағысы келетіндіктен осындай шешім қабылдаған. 

28 жастағы Инсинье Неаполь тумасы және "Наполи" түлегі. Биылғы маусымда форвард Исталия чемпионатындағы 25 матча (негізгі құрамда 23) ойнап, бес гол салып, бес нәтижелі пас берді.

Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылға дейін есептелген.

"Наполи" 26 матчта 39 ұпай жинап, А сериясында алтыншы келеді.