Карьерасында алғаш. Месси антирекорд орнатты

"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының ширек финалына екі маусым қатар шыға алмай қалды. Мұндай антирекорд оның карьерасында алғаш болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының ширек финалына екі маусым қатар шыға алмай қалды. Мұндай антирекорд оның карьерасында алғаш болып отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.
1/8 финалда париждіктер мюнхендік "Бавариядан" өте алмады. Өз алаңындағы бірінші ойында 0:1 есебімен ұтылды, ал сырт алаңдағы қарымтада 0:2 есебімен ұтылды.
ЧЛ-дің 2021/2022 маусымындағы 1/8 финалда ПСЖ мадридтік "Реалдан" ұтылған еді (1:0, 1:3).
Еске салайық, турнирдің ширек финалына англиялық "Челси" мен португалиялық "Бенфика" өтті.
Жарнама