Футбол
19 ақпан 13:10

Карьерасын құртады. Ямал "Барселона" бапкерін алаңдатып қойды

© ccma.cat

"Барселона" Ла Лигада "Райо Вальекано" командасын ұтты (1:0), алайда, алаңнан каталондық команда ойыншыларының бәрі риза болып кеткен жоқ. Атап айтқанда Ламин Ямалдың көңіл күйі болады, ал бас бапкер оған нақты ескертулер айтыпты, деп жазады El Nacional

Германиялық маман 17 жастағы талантты зер зала бақылап жүр және ерте келген даңқ оның өсуіне кедергі болмаса екен деген ойда. Матчтен кейін Флик Ямальмен жеке сөйлесіп, оның гол сала алмағандығына емес, алаңдағы кейбір әрекеттеріне қатысты алаңдаушылығын білдірді. 

Бас бапкер ойыншының бйоынша артық мінез байқаған

Флик ойыншыдан босаңсу мен атағы шыққан футболшыларға тән белгілерді байқап қалыпты, ал бұл Ямальдің жасын ескерсек алаңдатарлық жағдай. Бапкер оған ең бастысы - қысымға берілмей, мақтауға даңдайсымай, өзіңді жетілдіру бойынша еңбектене беру керегін есіне салды.

Сонымен қатар, германиялық маман қорғаныстағы ойынды жақсарту мен шабуыл кезінде шешім қабылдау маңызын атап өтті. "Барселонада" Ямальдің 16 жасында болашақ жұлдыз деп есептеліп, кейін үмітті ақтамай қалған Ансу Фатидің жолын қайталанғанын қаламайды.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport