Екі бірдей әзірбайжандық команда алматылық "Қайраттың" шабуылшысы Хосе Кантені сатып алуға ниетті, деп жазады azerisport.com порталы.
Гвинея құрамасының футболшысына "Нефтчи" мен "Карабах" командалары қызығушылық білдіріп отыр.
Еске салайық, 31 жастағы шабуылшы жуырда ғана Конференция лигасында "Карабахтың" қақпасына гол соққан еді. Оның "Қайрат" командасымен келісімшарты келесі жылдың желтоқсан айында аяқталады.