Қазақстан чемпионатының 23-турында "Каспий" мен "Мақтаарал" кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ақтаудағы матчтың бірінші таймында алаң иелері сапында Рубен Брижиду (11, 38-минут) дубль жасады. Ал екінші таймда ұпайға мұқтаж қонақтар қарсылас қақпасына төрт гол салды.
Рамазан Кәрімов (57, 91-минут) дубль авторы атанса, Руслан Юденков (68-минут) пен Ғалымжан Кенжебек (90+2-минут) бір-бір голмен ерекшеленді.
"Мақтаарал" осы жеңісінің арқасында 24 ұпаймен 12-орынға көтерілді. 29 ұпайы бар "Каспий" болса 8-орнынды сақтап қалды.