Футболдан Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдовадан басым түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кишиневте "Зимбру" стадионындағы матчта жерлестеріміз 1:2 есебін тіркеді. Бірінші таймның соңына қарай Ион Николаеску алаң иелерін алға шығарса, үзілістен кейін Сергей Малый (63-минут) таразы басын теңестірді. Кездесудің соңына қарай Бахтиер Зайнутдиновтың асырған пасына аяғы тиіп кеткен Вячеслав Посмак автогол авторы атанды.
Осылайша, бас бапкердің міндетін уақытша атқарушы Андрей Карпович алғашқы ойынында жеңіске жетті. Енді қос ұжым арасындағы қарымта кездесу 29 наурызда "Астана Аренада" өтеді.
Еске салайық, Қазақстан мен Молдова құрамалары УЕФА Ұлттар Лигасының С тобындағы позициясын сақтап қалу үшін қос матчтан тұратын өтпелі ойын өткізуде.