Камбэк жасаған “Астана“ Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты

©

"Астана" футбол клубы Алматыда Норвегияның "Бранн" командасын 3:0 есебімен ұтып, камбэк жасады, - деп хабарлайды msports.kz.

Норвегияда өткен бірінші ойында "Бранн" командасы 2:0 есебімен басым болған. "Астана" Орталық стадионда қонақтар қақпасына үш гол соқты. Ойындағы үш голды да екінші таймда еншілеріне жазды. 

"Астана" командасы сапында Джеффри Чинеду дубль жасады. Ал ойын аяқталар тұста ғана алаңға шыққан Рамазан Кәрімов қазақстандық клубқа жеңіс сыйлаған голды соғып, команданы Конференция лигасының негізгі кезеңіне алып шықты. 

Елордалық команда еурокубок ойындарын жалғастыратын қазақстандық жалғыз команда. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар