Футбол
2 сәуір 2021 13:09

"Қалжыңды қоя тұрыңдар". Алматылық "Қайрат" капитанның сапқа оралғанын хабарлады

Ғафуржан Сүйімбаев. Сурет: "Қайрат" ФК

"Қайрат" капитаны Ғафуржан Сүйімбаев жарақатынан кейін командаға оралды. Бұл туралы алматылық клубтың баспасөз қызметі хабарлады. 

 "Қалжыңды қоя тұрыңдар: кэп оралды", - делінген әлеуметтік желідегі хабарламада. 

Қазақстан құрамасының қорғаушысы былтыр күзде жарақат алып қалған еді. Тізесі мазалай бергендіктен, кейбір матчтерді екпе алдырып өткізген. Алайда жағдай қиындай түскендіктен, ол Ұлттар лигасындағы Литваға қарсы қорытынды матчке (1:2) қатыспады. 

Еске салайық, 30 жастағы Сүйімбаев "Қайрат" сапында 2016 жылдан өнер көрсетіп келеді. ҚПЛ-де "Ордабасы" мен "Ертіс" үшін де ойнаған.