"Жылына 200 миллион". Криштиану Роналдуға азиялық клубтан ұсыныс түсті

Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Marca.
Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду Сауд Арабиясының "Әл-Наср" командасына ауысуы мүмкін, деп жазады Marca.
Басылымның мәліметінше, келісімшарт 2,5 жылға жасалады және Роналду сол уақыт аралығында 200 миллион доллар табыс табады. Футболшы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап саудиялық клубқа ауысуы мүмкін.
Еске салайық, "Манчестер Юнайтед" басшылығы Роналдудың даулы сұхбатынан кейін келісімшартты үзген еді.
Криштиану Роналду өнер көрсететін Португалия құрамасы Қатардағы әлем чемпионатында 1/8 финалында Щвейцариямен кездеседі.
Жарнама