Жылына 200 миллион еуро! Арабиялық команда Роналдуға ресми ұсыныс жасады
"Манчестер Юнайтедтің" экс-ойыншысы, Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жаңа маусымда қай клубтың жейдесінде өнер көрсететіні белгілі болды.
"Манчестер Юнайтедтің" экс-ойыншысы, Португалия ұлттық құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналдудың жаңа маусымда қай клубтың жейдесінде өнер көрсететіні белгілі болды.
Роналду келер жылы Сауд Арабиясының "Аль-Насср" командасында ойнауы мүмкін. Marca деректеріне сәйкес, спортшы клубпен 2,5 жылға келісімшартқа қол қойып, бір маусымда 200 млн еуро алады. Бұл бағаға футболшының жалақысы мен жарнамалық келісімшарттары да кіреді. Еуропалық клубтардың ешқайсысы "Аль-Насср" ұсынған бағаға тең келер келісімшарт ұсынбаған. Одан бөлек, еуропалық футбол клубатры өткен жазда Роналдуға аса қызығушылық танытпайтынын көрсеткен. Ал Роналдудың журналист Пирс Морганға берген сұхбаты мен "Манчестер Юнайтедпен" келісімшартын бұзуы футболшының "Бавария", "ПСЖ" немесе "Реал" сынды командаларға бару ықтималдылығын төмендетті.
Ал Сауд Арабиясындағы футбол деңгейіне тоқталсақ, Роналду қатарын толықтыруы мүмкін "Аль-Нассрды" бұрын "Марсель", "Рома", "Лилль" командаларының бас бапкері болған франциялық Руди Гарсия жаттықтырады. Одан бөлек, Луис Густаво ("Баварияның" экс жартылай қорғаушысы), "Арсенал" мен" Наполидің" бұрынғы қақпашысы Давид Оспина, "Вильярреалда" өнер көрсеткен қорғаушы Альваро Гонсалес бар.
Сауд Арабиясы клубының өкілдері Роналдудың елдегі футбол танымалдығын арттыра түсетініне және өзге елдердің чемпионатқа қызығушылық танытатынына сенімді.
Жарнама