11 жыл бұрын "Арсенал" сапында ойнаған Аршавин Англия премьер-лигасындағы матчте "Ливерпуль" (4:4) қақпасына төрт гол салған.
"Ол матч есімде. Тең түскеніміз титулға деген үмітімізге соққы болды. Ол ойын АПЛ классикасы болды, бірақ, оны еске алу мені қуантпайды.
Сол маусымда Еуропада қорғаныстағы ойыны жағынан ең мықты командалардың бірі едік. Біздің шепті бұзу үшін ерекше дүние қажет еді. Аршавин ерекше болды! Ол сол қапталда ойнады, оған Арбеола қарсы тұрды, бізге салынған голдарға соны кінәлаймын. Андрейдің төрт голы біздің кемшілікті емес, оның жоғары деңгейін танытты. Бенитес өте ашулы болды. Есепті 4:3 етіп сақтап, жеңуге уақытымз болған, алайда, тең түсіп қалдық", - дейді Каррагер.