Әлем чемпионаты кезінде Аргентина құрамасы орналасқан Дохадағы Катар университетінің өкілдері Лионель Месси жатқан бөлмені мұражай ететіндерін мәлімдеді, деп хабарлайды Sport24.
Месси жатқан бөлмені футболшы кеткенде қандай күйде болды сол қалпында өзгертпей-жинамай сақтап қоймақ. Оны жергілікті тұрғындар мен туристер тамашалай алатын болады екен.
2022 жылғы мунидиальдің ең мықты ойыншысы атанған аргентиналық B201 бөлмесінде тұрған болатын. Оның есігінде Аргентина туы түсіндегі тақтайшада "L. Messi" деп жазылған. Мұражайдың ашылу күні әзірге белгісіз.