Жеті минутта екі гол салған Роналду бомбардирлер жарысында бірінші болды

Туриндік "Ювентус" футболдан Италия чемпионатының 23-ші турында "Кротоне" командасын ұтты.
Туриндік "Ювентус" футболдан Италия чемпионатының 23-ші турында "Кротоне" командасын ұтты.
Туринде өткен кездесу 3:0 есебімен аяқталды. Криштиану Роналду (38 және 45-ші минут) дубль жасады, тағы бір допты Уэстон Маккенни (66) салды.
Осылайша, португалиялық ойыншы А сериясында биыл өнер көрсеткен барлық командаға гол салды,- деп хабарлайды Goal. Сонымен бірге, Роналду осы маусымдағы 18-ші голын салып, сұрмергендер жарысында "Интер" форварды Ромела Лукакудан (17) асып, көш бастады.
"Ювентус" 45 ұпаймен турнир кестесінде үшінші, ал "Кротоне" (12 балл) соңғы келеді.
Жарнама