Жеңісті қосымшы уақытта жұлып алды. Англия мен Нидерланды матчі 91-минутта шешілді

Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының финалына өтті.
Англия құрамасы футболдан Еуропа чемпионатының финалына өтті.
Дортмундта өткен 1/2 финал матчінде Гарет Саутгейт жаттықтыратын команда Нидерланды құрамасын 2:1 есебімен ұтты.
Ойынның жетінші минутында голландиялықтарс апынан жартылай қорғаушы Хави Симонс есеп ашты.
Алайда көп ұзамай Харри Кейн айып добын сәтті орындады - 1:1.
Ал жеңіс голын англиялықтар қосымша уақытта салды. 91-минутта Олли Уоткин шешуші голды соқты.
Бұған дейін финалға Францияны ұтқан Испания құрамасы өтті. Енді финал 14 шілдеде өтеді.
Жарнама