"Жеңіске жетуге тырысамыз". "Тобыл" бапкері ЧЛ жайлы
"Тобыл" клубының бас бапкері Милан Миланович Чемпиондар Лигасының бірінші айналымында Венгрияның "Ференцварошына" қарсы ойын алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Тобыл" клубының бас бапкері Милан Миланович Чемпиондар Лигасының бірінші айналымында Венгрияның "Ференцварошына" қарсы ойын алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
"Алдағы матчта жақсы ойын көрсетеміз деген ойдамыз. Чемпиондар Лигасында доп тебетіндей деңгейіміз бар деп есептеймін. Екі клубтың бюджеті туралы не айтасыз дейсіз бе? Мен тек қана командамды ойлаймын. Қаржы жағынан қарсыласымыздан төмендеу шығармыз. Алайда сапалы ойын көрсетіп, жеңіске жетуге тырысамыз. Өкінішке қарай, командаға жуырда қосылған жаңа ойыншылар алаңға шықпайды. Себебі олар негізгі құраммен бірге небәрі бір екі жаттығу ғана жасады. Серж Дебле мен Милан Вукадинович тәжірибелі футболшылар. Алдағы уақытта команданың мақсаттарын орындауға көмектеседі деген сенімдемін", - дейді бас бапкер.
Еске салайық, "Тобыл" мен "Ференцварош" арасындағы алғашқы кездесу 6 шілде күні Қостанайда елорда уақытымен 20:00-де болады. Қарымта матч Венгрияда 13 шілде өтеді деп жоспарланған.
Жарнама