Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген Өзбекстанмен өтетін жолдастық ойын алдында баспасөз мәслихатына қатысып, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
– Ассалаумағалейкум! Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары 2007 жылдан бастап бірінші рет кездесейін деп отыр. Орталық Азия дербиі деп айтып жүр. Өзбекстан құрамасы мықты қарсылас. Көптен кездеспегеннен кейін бір-біріміздің әлімізді әлі білмейіз. Ертең жасыл алаңда жақсы ойын болады деген ойдамын.
– Ертеңгі ойында жеңіске жету қаншалықты маңызды?
– Спортшы болғандықтан әр ойында жеңіске жетуге тырысамыз. "Тобылда" бірге ойнайтын клубтасым, Өзбекстан құрамасының ойыншысы Игорь Сергеевпен бәстестік. Ертең ойын көрсетеді.
– Игорь Сергеевпен неге бәс тіктіңіз?
– Ол туралы айта алмаймын. Ойын туралы сөйлестік. Кім мықты, сол команда жеңіске жетсін деп айтты.
– Қазақстандық және өзбекстандық көптеген мамандар өзбекстандық футболшылардың техникалық шеберлігі жоғары деп айтады. Сондай-ақ, сарапшылар ертеңгі ойында Өзбекстан фаворит деп санайды. Олардың бағамдары дұрыс па?
– Әр адамның өз ойы бар. Әр жанкүйердің өз ойы бар. Өзбекстан құрамасы техникалық жағынан жақсы жабдықталған деп айтып жатырсыздар. Ол баяғыдан келе жатқан тенденция деп ойлаймын. Командалық жағынан Қазақстан құрамасы жаңа қырынан көрсетеді деп ойлаймын. УЕФА Ұлттар лигасында жақсы ойын көрсеттік. Техника да, ойын да болуы керек. Барлығы жасыл алаңда шешіледі.