Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатына жолдама берілетін квалификациялық турнирдің алғашқы ойынында ірі есеппен ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
17 жасқа дейінгі жігіттеріміз португалиялық құрадастарымен қонақта кездесіп, 5:0 есебімен есе жіберді.
Еске салайық, үзіліске дейін отандастарымыз өз қақпасына екі автогол өткізіп алды. Матчтың үшінші және 40 минуттарында Бахтишат Абдуллаев дубль авторы атанды.