Жағажай футболынан Қазақстан құрамасы 2021 жылғы әлем чемпионатына еуропалық іріктеудің шешуші турындағы бірінші матчте Португалиядан ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Назаре қаласында өткен кездесу 7:3 есебімен португалиялықтардың пайдасына аяқталды. Қазақстандық команда сапынан Игорь Демешко (дубль) және Дмитрий Перевертов гол салды.
Қазақстан – Португалия 3:7
Голдар: Демешко (2), Перевертов – Коимбра (3), Бе Мартинш, Вон, Лео Мартинш, Брильханте
Қазақстан топтағы келесі ойынды 22-маусым Украинамен өткізеді.