Италия құрамасы Ұлттар Лигасында көш бастады
Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Италия құрамасы Венгрияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Футболдан УЕФА Ұлттар лигасының екінші турында Италия құрамасы Венгрияны ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
А дивизионындағы тартысты матчта Роберто Манчини ойыншылары 3 гол соқты. Оның біреуі автогол. Атап айтқанда бірінші таймда Николо Барелла (30-минут) мен Лоренцо Пеллегрини (45-минут) көзге түссе, үзілістен кейін Джанлукка Манчини автогол авторы атанды.
Қонақта ұтылғанына қарамастан, мадияр командасы Джанлуиджи Доннарумманың қақпасына 14 соққы жасады. Алайда таразы басын теңестіре алмады. Қорытынды есеп 2:1
Осы жеңістің арқасында "скуадра адзурра" 4 ұпаймен үшінші топтың көшін бастады. Алғашқы турда Англиядан басым түскен Венгрия құрамасы екінші орынға жайғасты. Ал 2 ұпайы бар Германия мен 1 ұпайы бар ағылшындар төменгі орындарға орналасты.
Жарнама