30 жастағы футболшы жаңа командада бақылау матчтерін өткізіп үлгерді. Алдағы уақытта Коне ресми түрде таныстырылады. Ивуарлықтың айлығы 7-8 мың еуро болады.
Коне карьерасын Италияда бастап, "Аталанта", "Фоджу", "Пескару", "Варезе", "Чезену" сияқты бірқатар төменгі лигадағы командаларда ойнаған. Ал А сериясында сегіз ойында бір гол салған. Сонымен қатар, ол түркиялық "ББ Эрзурумспор" сапында да өнер көрсеткен.
2010 жылы Коне Кот-д'Ивуар құрамасы үшін бір ойын өткізді. Израиль құрамасымен ойныда "Барселона" мен "Манчестер Ситидің" бұрынғы хавбегі Яя Туре орнына алаңға шыққан Коне бұл матчте бір гол салды.