Италия чемпионатында 30 жылдағы ең жылдам алаңнан қуу болды

Италияның А сериясының бірінші тур матчінде римдік "Лацио" азшылықта ойнағанымен "Болоньяны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Италияның А сериясының бірінші тур матчінде римдік "Лацио" азшылықта ойнағанымен "Болоньяны" ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Римде өткен кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Алдымен алаң қонақтары гол салды - 38-минутта Марко Арнаутович пенальтиді сәтті орындады. Кейін Лоренцо Де Сильвестридің 68-минутындағы автоголдан кейін есеп теңесті, ал 79-минутта Чиро Иммобиле алаң иелерінің жеңіс голын салды.
Римдіктер алтыншы минуттан бастап азшылықта ойнады - голкипер Луиш Максимиану айып алаңынынң сыртында қолмен ойнап, алаңнан қуылды.
"Матч ТВ" мәліметінше, бұл А сериясындағы 1994\95 жылғы маусымнан берге ең жылдам алаңнан қуу болды. Максимиану алаңнан кеткеннен кейін "Лацио" қақпасына Иван Проведель тұрды.
Айта кетейік, 45+4-минутта "Болонья" сапынан да Адама Сумаоро қызыл қағаз алды.
Жарнама