Италия әлем чемпионатына баруы мүмкін
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) атқарушы мүшесі Эвелина Кристиллин Италия құрамасының әлем чемпионатына бару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) атқарушы мүшесі Эвелина Кристиллин Италия құрамасының әлем чемпионатына бару мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Сәрсенбі күні Катарда ФИФА-ның жалпы отырысы өтті. Ал бүгін барлық елдің өкілдерімен, олардың арасында Иран делегациясының қатысуымен конгресс өтті. Жалпы біз ешқашан Иран командасын шеттету туралы мәселені қарастырмағанбыз. Тіпті ирандықтар әлем чемпионатына бармағанның өзінде оның орнына Азияның басқа командаға мүмкіндік берілер еді. Италия құрамасы мундиалға баруы мүмкін деген сөздерді қою керек. Италияның осы жолғы әлем чемпионатында ойнауы мүмкін емес", - дейді Кристиллин.
Еске салайық, осыған дейін ФИФА Иран командасын әйелдерді матч кезінде стадионға кіргізбегені үшін айыппұл салатынын айтқан еді.
Жарнама