"Барселона" бас бапкері Хави әлем чемпионатында өнер көрсетіп жатқан Испания құрамасының ойыншыларын мақтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Испания әлем чемпионатына қатысып жатқан командалардың ішінде ең үздігі деп айта аламын. Себебі біздің құраманың футболшылары статистика жағынан өзгелерге қарағанда жақсы доп теуіп жатыр. Испания өз биігінде тұр. Сонымен қатар, Бразилия мен Франция командалары да көңілден шықты", - деді Хави.
Еске салайық, бірінші турда "қызыл фурия" Коста-Рика құрамасын 7:0 есебімен ұтты. Артынша немістермен тең (1:1) түсті.
1 желтоқсанда Жапония мен Испания кездессе, сол күні Коста-Рика мен Германия өзара мықтыны анықтайды.