Испания Еуро-2024 финалында кіммен ойнайды?

Бүгін, 11 шілдеге қараған түні Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының екінші финалисті анықталады.
Бүгін, 11 шілдеге қараған түні Германияда өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының екінші финалисті анықталады.
Ол Нидерланды - Англия арасындағы жартылай финал жеңімпазы болады. Матч Дортмундтағы "Сигнал Идуна Парк" стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.
Еуро-2024 турнирінің алғашқы финалсті Испания болды. 1/2 финалда испаниялықтар Франция құрамасын ұтты.
Осыған дейінгі Еуроның чемпионы Италия, бұл команда биылғы турнирдің 1/8 финалында жарытстан шығып қалды.
Еуро финалы 14 шілде Берлинде өтеді.
Жарнама