Испания әлем чемпионатында топ жара ала ма? Иньеста пікрімен бөлісті
Испанияның экс жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста ұлттық құрамасының 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз атану мүмкіндігіне баға берді.
Испанияның экс жартылай қорғаушысы Андрес Иньеста ұлттық құрамасының 20 қараша мен 18 желтоқсан аралығында футболдан Катарда өтетін әлем чемпионатында жеңімпаз атану мүмкіндігіне баға берді.
"Биылғы әлем чемпионатында Испания жеңіске жете ала ма? Мен құрамаға, бапкер мен ойыншыларға сенемін. Олар өздеріне сенімді болса және қиындықтарға мойымаса, онда олар жеңіске қол жеткізе алады. Испания құрамасына сенім білдіремін, - деді Андрес Иньеста.
Футболдан әлем чемпионатында 64 құрама бақ сынап, 32 матч өткізеді. 3 күннен кейін басталатын әлемдік дода 18 желтоқсанға дейін жалғасады.
Жарнама