Иранда Роналдудың қолы тиген заттардың бәрі сатылымға қойылды

Иранның онлайн-платформаларында "Әл-Наср" ойыншысы Криштиану Роналдудың қолы тиген затар сатылымға шығыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Иранның онлайн-платформаларында "Әл-Наср" ойыншысы Криштиану Роналдудың қолы тиген затар сатылымға шығыпты, деп хабарлайды Vesti.kz.
Дүйсенбіде Роналду "Әл-Наср" сапында Тегеранға келді, команда азиялық Чемпиондар лигасы аясында жергілікті "Персеполис" клубымен кездесу өткізеді. Португалиялық футболшы елге келе салысымен оған парсы кілемі мен интернетті шексіз пайдалануға болатын сим-карта сыйға тартылды.
Tarafdari мәліметінше, португалиялықтың қолы тиген деп сатылымға шыққан заттар арасында, қарбыз, майлық, тіпті кілемнің жібі де бар екен.
Жарнама