"Интер Майами" МЛС-тың тұрақты маусымындағы матчта өз алаңында "Далластан" (3:4) ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бастапқыда алаң қожайындары 0:1 есебімен ұтылып жатып, 3:1 есебімен алға шығады, бірақ, соңында алаң қонақтары есепті теңестіріп қана қоймай, айқын жеңіске жетті.
Жеңімпаздар құрамында Шакелл Мур (8-минут), Осазе Урогиде (64-минут), Андерсон Хулио (69-минут) және Педринью (81-минут) гол соқты. Ал "Интер Майами" құрамында Фафа Пико (16-минут), Альен Обандо (29-минут) және Давид Мартинес (56-минут) герекшеленді.
Қазіргі уақытта "Интер Майами" 18 ұпаймен Шығыс конференциясының кестесінде 5-орында, ал "Даллас" 15 ұпаймен Батыс конференциясында 6-орында тұр.
Айта кету керек, маймаиліктер сапында Лионель Месси, Луис Суарес және Жорди Альба болмады. Бұл ойыншылар "Интер Майамидің" КОНКАКАФ Чемпиондар Кубогінде "Ванкувер Уайткэпс" командасына (0:2) бірінші жартылай финалда ұтылу себебінен болды, ойыншыларға жауапты матч алдындағы демалыс берілді. Бұл матч сәрсенбіден бейсенбіге қараған түні өтеді.
Жарнама