Футбол
9 наурыз 2022 20:08

Иманбекке футбол клубы ұсыныс жасады

©instagram.com/imanbekmusic

"Ақсу" ФК директоры Әлихан Ілесов белгілі музыкант Иманбекке клубтың бренд-амбассадоры болуды және команда әнұранын жазып беруді ұсынды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Иманбек Ақсуда туып-өскен. Оған "Ақсу" ФК бренд-амбассадоры болуды ұсынамын. Мүмкін ол туған қаласының командасына әнұран жазып бергісі де келер. Иманбек, біз сені күтіп отырмыз", - дейді Ілесов BorodAbata youtube жобасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, 21 жастағы Иманбек Зейкенов Grammy сыйын жеңіп алған бірінші қазақстандық. Бұл сыйды ол Roses SAINt JHN композициясының ремиксі үшін алған. 

Атағы шыққанға дейін Иманбек Ақсуда теміржолшы болып істеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport