Футбол
27 қаңтар 2021 11:47
 
Ибрагимович пен Лукаку Италия кубогының матчінде жаға жыртысты

  Пікірлер

blog.share

Ибрагимович пен Лукаку Италия кубогының матчінде жаға жыртысты Сурет: iSport.ua

Футболдан Италия кубогының 1/4 финалындағы "Милан" - "Интер" (1:2) матчінде екі команданың шабуылшылары Златан Ибрагимович пен Ромелу Лукаку шекісіп қалды. Ойыншыларды "Манчестер Юнайтедте" командалас болғаны да тоқтатпады,- деп хабарлайды Sport.ru.

Жанжал неден туғаны белгісіз. Алайда футболшылар бір-біріне ағылшын тілінде дауыс көтеріп, намысқа тиетін сөздер айтқан. Олар төреші сары қағаз көрсеткенде де тоқтамаған. 

Лукаку тіпті трибуна астындағы бөлмеде де Ибрагимовичке ұмтылған екен, дегенмен, командаластары бельгиялықты ұстап қалған.

Екінші тайм басында Ибрагимович екінші сары қағаз алып, алаңнан қуылды. Ол кезде "Милан" 1:0 есебімен ұтып жатқан. Аз уақыт өте "Интер" есепті теңестірді, Лукаку пенальтиді сәтті орындады, ал қосымша уақытта Кристиан Эриксен гол салып, "Интерді" жеңіске жеткізді.

Жарнама

Живи спортом!