Португалия құрамасының шабуылшысы Гонсалу Рамуш ұлттық құрамадағы командаласы Криштиану Роналду туралы ойын айтты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Катардағы ӘЧ-нің 1/8 финалындағы Швейцариямен ойында (6:1) Рамуш хет-трик жасады. Айта кетейік, 21 жастағы Гонсалу 1962 жылдан бері әлем чемпионатында хет-трик жасаған ең жас ойыншы атанды.
"Плей-офф кезеңде негізгі құрамда шығамын деп армандап та көрмеппін. Енді әр ойында жеңіске жетіп отыру қалды. Қазір Мароккоға қарсы ойынға дайындалып жатырмыз. Криштиану Роналду - біздің көшбасшы.
Ол капитан, көшбасшы, онымен иық тіресіп ойынағанды асыға күтеміз. Ол мен үшін үлгі және көбіміздің кумиріміз. Криштиану Роналду, Роберт Левандовски, Златан Ибрагимович… бұл - ұқсағым келетін ойыншылар", - дейді Рамуш.