"Барселонаның" су жаңа бас бапкері Хавиге каталондық команданың алдында Бразилия құрамасын жаттықтыру туралы ұсыныс түскен, деп жазады Vesti.kz.
"Маған Бразилия құрамасының тізгінін ұсынғаны рас. Алдымен Титенің көмекшісі болып, артынша әлем чемпионатынан кейін "селесаоның" бас бапкері қызметі ұсынылды. Алайда менің таңдауым "Барселонаға" түсті", - дейді бапкер.
Еске сала кетейік, Хавьер Эрнандес Преус яғни футбол әлемінде Хави атымен танылған 41 жастағы маман 1998-2005 жылдары "Барселона" сапында 505 матчта 58 гол соққан. Ла Лигада 8 рет және Чемпиондар Лигасын 4 мәрте жеңді. Сонымен қатар, қызыл фуриямен (Испания) 2008, 2012 жылдары Еуропа және 2010 жылы әлем чемпионы атанды.