Катарлық "Аль-Садд" клубының бас бакпері Хави "Барселонада" жұмыс істеу мүмкіндігі жайлы пікір білдіруден бас тартты, деп хабарлайды "Чемпионат".
Испаниялық БАҚ мәліметінше, каталондықтардың бұрынғы қорғаушысы алдағы уақытта команданы жаттықтыра бастайды. Рональд Куман орнынан кеткендіктен ол бас бапкер болады деп болжануда.
"Бар назарым "Аль-Саддтағы" жұмысымда. Басқа ештеңе айта алмаймын", - деді Хави баспасөз мәслихаты кезінде.
Оның "Аль-Саддпен" келісімшарты 2023 жылға дейін есептелген. Алайда клуб басшылығы Хавиге жақсырақ қызмет ұсынылса, оған бөгет болмауға сөз берген екен.