Футболдан УЕФА Ұлттар Лигасының екінші турында Германия мен Англия құрамалары кездесті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Мюнхендегі ойынның есебі 1:1 есебімен аяқталды. Бірінші таймда әлемнің ең үздік командалары бір-бірінің қақпасының саңылауын таба алмаса, үзілістен кейін "бундестим" алғаш болып есеп ашты. 50-минутта Киммихтен пас алған Йонас Хофман гол салды. Матчтың соңғы минуттарында қорғаушы Нико Шлоттербек өз айып алаңында тәртіп бұзып, Харри Кейін 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындады.
Осылайша, А дивизионында Германия құрамасы қатарынан екінші ойында тең түсіп отыр. Нәтижесінде Ханс-Дитер Флик баптайтын немістер 2 ұпаймен үшінші орынға жайғасты. Гарет Саутгейттің ойыншылары болса жалғыз ұпаймен төртінші орында тұр. 4 ұпайы бар Италия көш бастаса, Венгрия 3 баллмен екінші сатыда.