Грузия Еуро матчінде Испанияға гол салды, алайда ары қарай...

Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасы Грузияны ұтты.
Еуро-2024 турнирінде Испания құрамасы Грузияны ұтты.
Кельнде өткен ойынның 18-минутнда Отар Какабадзе тепкен допты қайтарамын деген Робин Ле Норман оны өз қақпасына бағыттап жіберді - 0:1.
Алайда үш минуттан кейін-ақ Родри есепті теңестірді.
Испания үшін жеңіс голын Фабиан Руис екінші тайм басында салды.
Ары қарай Нико Уильямс (75-минут) пен Дани Ольмо (83-минут) есеп айырмасын ұлғайтып, грузиялықтарды ойсыратып тастады.
Жарнама