Антуан Гризманн мен Уго Льорис шабуылшы Карим Бенземаның әлем чемпионатында ойнамағанына қуанышты. Бұл туралы Give Me Sport басылымы хабарлады.
Гризманн мен Льористің "Реал" шабуылшысының жарақатына байланысты Қатардағы әлем чемпионатында өнер көрсетпегеніне қуанышты. Себебі екеуі өздерін командада нағыз көшбасшы санайды. Ал Бензема құрамаға келсе команда екіге бөлініп кетеді-мыс.
Аргентинамен финал алдында Бензема жарақатынан толық айыққан. Алаңға шығуына да болар еді. Тіпті Франция президенті финалды бірге тамашалауға шақырған. Алайда форвард бұл ұсыныстан бас тартып, құрамадағы карьерасын аяқтағанын айтты.