ҚПЛ төртінші турында "Ақтөбе" мен қарағандылық "Шахтер" тең түсті, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Ақтөбеде өткен ойын 1:1 есебімен аяқталды. 78-минутта есепті "Ақтөбенің" франциялық шабуылшысы Уго Видемон ашты, ал бес минуттан кейін "Шахтердің" жартылай қорғаушысы Тимур Досмағамбетов есепті теңестірді.
34-минутта Жерар Гоу пенальтиді сәтті орындай алмады.
Жеті ұпайы бар қарағандылық клуб турнир кестесінде екінші орынға шықты, ал "Ақтөбе" төрт ұпаймен тоғызыншы келеді.