Футбол
13 қаңтар 2017 12:15
 
Головкинді кім жеңе алады?

  Пікірлер

blog.share

Головкинді кім жеңе алады? © welt.de

Ресейлік бокс маманы Александр Беленький алдағы уақытта отандасымыз Геннадий Головкинді кім жеңе алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында маман мексикалық боксшы Сауль Альварес отандасымызды жеңе алмайтынын айтты.

- Александр, жуық арада Головкинді кім жеңе алады деп ойлайсыз?

- Негізі бұған дейін Головкинге лайықты қарсылық білдіре алатын бірнеше мықты боксшылар болған еді. Ал, бұрнағы күні орта салмақта Рэй Робинсон, Рэй Леонард, Марвин Хэглер, Томас Хернс, Вилфредо Бенитес, Роберто Дюран, Бернард Хопкинс сынды боксшылар бар. Бірақ, дәл қазіргі таңда GGG-ді жеңе алатын боксшыны көріп тұрған жоқпын.

- Сауль Альварес туралы айтатын болсақ. Мексикалық боксшы Головкинді жеңе алады ма?

- Менің ойымша, Альварес Генадийді жеңе алмайды. Өйткені, ол Головкиннен қорқады. Сол үшін де жекпе-жектен қашып жүр.

Айта кетейік, Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жек 2016 жылы болуы мүмкін еді. Дегенмен, мамыр айында мексикалық боксшы орта салмақтағы WBC белбеуінен бас тартып, алғашқы орта салмаққа оралған. 

Жарнама

Живи спортом!