Ресей құрамасының бұрынғы бас бапкері Гус Хиддинк ресейлік футбол десе оның ойына бірден "Зенит", "Арсенал" және "Қайраттың" бұрынғы футболшысы Андрей Аршавин есіне түсетінін айтты, деп хабарлайды "РБ-Спорт".
"Ресей футболын кіммен байланыстырамын? Андрей Аршавинмен. Ол мен және ресейліктер үшін мықты ойыншы", - дейді маман.
Хиддинк Ресей командасын 2006 мен 2010 жылдар аралығы жаттықтырған. Ал 41 жастағы Аршавин 2016-2018 жылдары алматылық "Қайратта" ойнаған болатын.