"Манчестер Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган мансабын "Барселонада" жалғастыруы мүмкін.
Италиялық журналист Фабрицио Романоның айтуынша, 31 жастағы неміс ойыншысына "Барселона" мен лондондық "Арсенал" клубтары қызығушылық танытып отыр. Сондай-ақ, Бундеслиганың кейбір клубтары жағдайды жіті бақылап отыр.
Гюндоган осы маусымда "Манчестер Сити" үшін Премьер-лигада 26 ойынға қатысып, 6 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.
Илкай Гюндоган "Манчестер Ситиге" 2016 жылдың 1 шілдесінде "Боруссия Дортмундтан" ауысып келді. Transfermarkt нұсқасы бойынша оның қазіргі құны 35 миллион еуроны құрайды.
Бұған дейін жартылай қорғаушының мансабын MLS-те, сондай-ақ Түркия чемпионатындағы клубтардың бірінде жалғастыруы мүмкін екені хабарланған болатын.