Гана құрамасының жаттықтырушысы қызметінен кетті

Гана құрамасының бас бапкері Отто Аддо Катарда өткен әлем чемпионатында плей-оффқа шықпаған соң қызметінен кету туралы шешім қабылдады.
Гана құрамасының бас бапкері Отто Аддо Катарда өткен әлем чемпионатында плей-оффқа шықпаған соң қызметінен кету туралы шешім қабылдады.
Журналист Фабрицио Романоның айтуынша, Аддо қызметін Дортмундтың "Боруссия" командасында бапкердің көмекшісі ретінде жалғастырады. Ол неміс клубында 2020-2021 жылдар аралығында жұмыс істеген.
Еске сала кетейік, Аддо Гана құрамасында 2021 жылдан бастап бас бапкердің көмекшісі болып жұмыс істеді. 2022 жылы ол команданың бас баспкері болды.
Топтық кезеңнің 3-турында Гана Уругвайдан ұтылып (0:2) турнирден шығып қалды. Гана құрамасы 3 ұпаймен H тобында 4-орынға тұрақтады.
Жарнама