Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылды

Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуде жеңіліс тапты. Таразда өткен бұл ойында қонақтар 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Өзбекстанға қарсы екінші жолдастық кездесуде жеңіліс тапты. Таразда өткен бұл ойында қонақтар 6:5 есебімен жеңіске жетті.
Кака бұл ойынға жастардан құралған команданы шығарды. Негізгі құрамдағы ойыншылардың көбі қатыспады. Кейбірі жарақатын емдетуде. Екі күн бұрын өткен ойында екі құрама 2:2 есебімен тең тарқасқан болатын. Бүгін өзбек ойыншылары жеңіске бастар жолды тауып кетті.
Ойынның бірінші кезеңінде Қазақстан құрамасы 3:2 есебімен ұтып шыққан болатын. Екінші таймда қонақтар қарқын қосып есепті 6:5 есебімен өз пайдаларына шешті.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы күзде Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатына қатысады.
Жарнама