Футбол
23 сәуір 2022 10:10
 

Футзал. "Қайраттың" қатысуымен өткен ойын сенсациямен аяқталды

  Пікірлер

blog.share

Футзал. "Қайраттың" қатысуымен өткен ойын сенсациямен аяқталды ©afckairat

Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында "Қайрат" клубы қонақта "Каспийге" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

blog.share

Футзалдан Қазақстан чемпионатының кезекті турында "Қайрат" клубы қонақта "Каспийге" ұтылды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Тартысты өткен кездесуде Алматыдан келген команда есеп ашты. Дәлірек айтқанда Шыңғыс Есенамановтың пасын қабылдаған Дәурен Тұрсағұлов қайшылап теуіп әдемі гол соқты.

Үзілістен кейін ауқтаулықтар сапында Арнольд Кнауб пен Тьяго Кабеса қос-қос гол соғып, жиналған жанкүйерлерін қуанышқа бөледі. Айтпақшы, сыйымдылығы екі мыңға әрең жететін стадионда ине шаншар орын болмағанын айта кеткен жөн.

Турнир кестесінде "Қайрат" (71), "Аят" (57) және "Атырау" (54) клубтары алғашқы үш орынға жайғасқан. Ал 52 ұпайы "Каспий" төртінші орынға көтерілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!